Мемлекетке қарыз болса да, шетелден шықпайтын шенеунік

2186
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтың бауыры Абылай Мырзахметовке қатысты тың деректер пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Деректердің көрсетуінше, Абылай Мырзахметовтың шетелге шығуына тиым салынған. Бірақ кейбір ақпарат көздері кейінгі сегіз айдың ішінде А. Мырзахметовтің бірқатар елдерге сапарлап үлгергенін көтсетеді.  Экс-әкім бауырының ат басын бұрған аймақтары қатарында Дубай, Ыстамбұл, Франкфурт және Мәскеу сынды қалалар бар.

Қазақстан заңнамасында шетелге шығуға салынған шектеуді бұзғандар үшін 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. 2022 жылы АЕК суммасы 122 520 теңгені құрады. Мұның негізінде  шетелден шықпайтын Абылай Мырзахметовтың мемлекетке қарызы 4,3 миллиард теңгеден асып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер