Батыс Қазақстанда "үздік әкім" мас күйінде ұсталған

2225
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстанда ауыл әкімі мас күйінде қоғамдық орында жүрген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық рухына сілтеп.

Мерей ауылдық округі әкімі Орынбек Насимуллин қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін айыппұл арқалаған.

Насимуллинге қатысты мән-жайлар анықталғаннан кейін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу» бойынша әкімшілік хаттамаға сай бес АЕК (18 460 теңге) айыппұл арқалаған.

«Біз сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сұрау жіберіп, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадық. Әкімнің өзі үйде сыра ішкенін айтты. Көшеде шу естіліп, ол қарауға шығыпты», - деді Бауыржан Ахметжан.

Айта кетейік, Орынбек Насимуллин 2022 жылы «Үздік ауыл әкімі» атанған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер