Сенат депутаттары 25 қазан ұлттық мереке – Республика күнін қайтару туралы шешімді қолдады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.
"25 Қазан ұлттық мереке – Республика күні болып бекітіледі. Бұл тарихи, өте маңызды шешім. Біздің еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға келесідей өзгерістер енгізу жоспарланып отыр:
25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу;
16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні ретінде бекіту;
"Адырна" ұлттық порталы