Жасарал Қуанышалин президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

3036
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Журналист, оппозиционер Жасарал Қуанышалин президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол кандидатурасын ұсына алатын республикалық қоғамдық бірлестікті іздейтіні туралы хабарлама жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Кезектен тыс президенттік сайлау өтетін күн келесі аптада белгілі болуына байланысты, мен президенттік сайлауға қатысу ниетімді мәлімдеймін. Өздеріңіз білетіндей, Президенттікке кандидатты республика бойынша кемінде 9 филиалы бар республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады. Мен, осындай ұйымдардың басшылығына менің кандидатурамды ұсыну мәселесін талқылау үшін хабарласуды өтінемін”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Жасарал Қуанышалин – журналист, оппозиционер, 2006 жылы Қазақстан президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін рақымшылық бойынша босатылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер