Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттарға өз еркімен қызметінен босату туралы арыз берген Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Қошмағамбетовтің орнына ұсынылған жаңа әкімнің кандидатурасын таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ғалымжан Ниязовтың кандидатурасы Қазақстан Президентінің әкімшілігімен келісілді. Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанында Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов 2 айға қамауға алынған еді. Қаржы мониторингі агенттігі оған қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген айып тақты. Кейін шенеуніктің үйқамаққа ауыстырылғаны, мамыр айында жұмысқа қайта шыққаны белгілі болды.