Мексика метросында Димаштың бейнеклиптері көрсетілуде (ВИДЕО)

2865
Adyrna.kz Telegram

Мексика метросында Димаш Құдайбергеннің бейнеклиптері көрсетіле бастады. Бұл туралы журналист Өркен Кенжебек өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Димаш Мексикада да Димаш! Мұнда келерден үш күн бұрын Димашқа қатысты жаңалықты көзім шалып қалған. Мексика астанасы Мехико метросындағы телебезерлерден Димаштың Fly Away деген клипін көрсетіп бастапты деп. Мехико метросының 70 стансасындағы 576 экраннан бір апта бойы сағат сайын көрсетуін Димаштың осындағы фанаттары талап етіпті. Фан-клубы қандай табанды деймін да, жергілікті телеарнаны қыстаған. Оларға керек лайкын жинап берген. Енді осы жаңалықты іс жүзінде тексеру үшін Мексикада уақытым тығыз болса да метросына түсіп, бір сағат күттім. Рас екен. Міне, дәлел! Бізді алып жүрген гид, украинка Софья Вовк те жанын шүберекке түйіп тұрған еді, енді жақсылап шай ішсек болады. Ал Мексиканың метросымен кім жүрмейді дейсің, себебі, қалада 22-28 млн арасында адам тұрады. Әлі толық есептеп біте алмай жатыр. Сосын метро өте арзан көлік түрі мұнда. 5 песо бір жаққа. 120 теңге біздіңше. Сондықтан, сол миллиондардың мыңы болсын, біздің түрге, үнге үйрене берсін, ә? Қазақтың абыройы арта берсін!", - деп жазды Өркен Кенжебек. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер