Алматы облысы әлемнің 97 елімен сауда ынтымақтастығын жүргізеді

1804
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында шетелік инвесторлардың қатысуымен 1,3 миллиард доллар сомасына 19 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бейнеконференция байланысы режимінде өткен «ҚР – ҚХР ынтымақтастығы бойынша Достық диалог» телекөпірі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды " Адырна" порталы.

Белгілі болғандай, Алматы облысы әлем бойынша 97 елмен сауда ынтымақтастығын жүргізуде. 2022 жылдың 7 айында облыстың экспорт айналымы — 179,9 млн АҚШ долларын құрады.

Бұдан басқа, 6 500 — ге жуық жұмыс орнын құра отырып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,3 млрд, АҚШ доллары сомасына шамамен 19 жоба, оның ішінде инвестициялар сомасы-94,5 млрд. теңге болатын 350 жұмыс орнын құрумен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС – «Бұғыты» вольфрам кен орнын өнеркәсіптік игеру сияқты Қытай инвестицияларының қатысуымен жобалар іске асырылу сатысында, «Жетіөзеннің қуаты» ЖШС — инвестиция сомасы 37,4 млрд.теңгені құрайтын 60 МВт – тық «Шелек» жел электр станциясы, онда 30 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы жаңа бірлескен жобаларды іске асыру бойынша үлкен мүмкіндіктер ашады.Бүгінгі күні логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және фармацевтика сынды экономиканың салалары өңірді дамытудың басым бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан облыстың ҚХР – мен жалпы шекарасы 300 км-ден астам және «Ұлы Жібек жолы» өтетін Республиканың төрт облысының бірі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар автомобиль дәлізі болып табылады. Елдің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласының айналасында агломерация құрылуда, онда негізгі өнеркәсіп пен халық шоғырланған. Облыстың ТРАНСКОНТИНЕНТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ жолында тиімді көліктік-логистикалық орналасуы өңірге 183 млн.адам әлеуеті бар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді және көліктік логистиканы дамыту басымдығын айқындайды», — деп атап өтті өз сөзінде Марат Сұлтанғазиев.

Телекөпірді қорытындылай келе, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тунияз Шыңжаң өңірімен бауырластық байланыс орнату ниеті туралы хаттамаға қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Нұр-сұлтанға мемлекеттік сапармен барады. Ол республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді. Бұл ҚХР басшысының коронавирустық пандемия басталғаннан бергі алғашқы шетелдік сапары.

Пікірлер