Бұдан былай қажылыққа бару үшін қаражатты алдын ала жинап, арнайы есешотта сақтауға болады. Бүгін Алматыда Алла алдындағы парызын өтеушілерге арналған жаңа жоба іске қосылды.
Соңғы жылдары қажылық қаржысын бөліп төлеу мүмкіндігін сұраушылар көбейген. Сондықтан, осы салада табысты еңбек етіп жүрген «Qazaq travel» компаниясы «zhinaq.kz» жобасын іске қосып, таныстырылымын жасады.
Бұл қосымша арқылы қажылыққа баруға шамасы жетпейтін қазақстандықтар енді сайт арқылы жеке шотын ашып, ай сайын алдын ала қаржы жинай алады. Сонымен қатар, өзгелерге сілтеме жіберіп, қосымшаға тіркелушілердің қатарын арттыру арқылы өзіне бонус жинауға мүмкіндік бар.
«Бұдан бөлек, қажылыққа шамасы жетпейтіндерге көмектесем дейтін кәсіпкерлер мен өзгелер де осы қосымшаны пайдалана алады. Соның нәтижесінде, қасиетті мекенге барушылардың қатары артпақ. Бұл әлемде бар тәжірибе», - дейді компания басшысы.
Бүгінде ұйым қажылыққа қаржысы жетпейтін түрлі санаттағы адамдарға тегін жолдама береді. Жылына кем дегенде 10 адамды үлкен қажылыққа жібереді. Ал мұндай жандардың тізімін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дайындайды. Бұл игілікті іс әрі қарай жалғасып, бүгінгі кешке жиналған арасында 3 жолдама ойнатылды.
Компания қазіргі заманға сай барлық мүмкіндіктерді қарастырып, жолаушылар үшін тиімді жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолға алып отыр. Алдағы уақытта қажылыққа баратындар үшін өзге тиімді қосымшаларды іске қосу жоспарда бар.