Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Нұр-сұлтан қаласының полиция қызметкерлері “Дармек” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қала аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің жолын кесті.
Елорда кафелерінің бірінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды. Ол сыраны сатумен айналысқан болып, өз мекемесінде есірткілік шөпті сатқан.
Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет анықталды. Пакетте сатуға дайындалған гашиш салынған 30 полиэтиленді орама табылды.
"Арнайы операция жүргізу кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 600 грамнан астам гашишті құрады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар тұлғалар анықталуда",-дейді ЕҚҚІБ бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалықов.