«Халық» қайырымдылық қоры Қостанайдағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөледі

2059
Adyrna.kz Telegram

«Халық» қайырымдылық қоры Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөледі.

Қатты өрттен Қостанай облысына орасан зор материалдық және экономикалық шығын келді. Жүзге жуық үй өртеніп, жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнді. Үкімет тұрғындарды қолдау және қиын жағдайдан шығу үшін барлық шараларды қолданып, табиғи апаттың зардаптарын жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Қостанай облысының қасіреті барша қазақстандықтарға, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлеріне көмек көрсету ниетін біріктірді. Қамқоршылық Кеңесінің шешімімен «Халық» Қайырымдылық Қоры төтенше жағдайда зардап шеккен отандастарға көмек көрсетуге өз үлесін қосты.

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге 91 жаңа үй салу жоспарланып отырған ауданда 280 орындық жаңа балабақша салынады, оның құрылысына «Халық» қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөлді.

Құрылыс жақын арада басталып, келесі жылы жаңа балабақша кішкентай тәрбиеленушілерін қабылдауға дайын болады.

«Біз зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақ болып, біздің үлесіміз, қамқорлығымыз бен қолдауымыз олардың ауыр зардаптардан айығуына және жақын болашақта олардың қалыпты өмірлеріне оралуына көмектесетініне сенім білдіреміз», - делінген «Халық» қайырымдылық қоры мәлімдемесінде.

Пікірлер