Министрлік "Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген ақпаратты жоққа шығарды

3210
Adyrna.kz Telegram
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы жазады. 
"Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады. Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада. 

Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласу сұралады.

"Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады. Айта кету керек, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды", - деп хабарлады министрлік. 

Пікірлер