Ақмола облысының Зеренді ауданында болған орман өртін сөндіруге 200-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде өрт сөндірушілер, орманшылар, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, сондай-ақ азаматтық қорғау академиясының курсанттары бар. Қазіргі кезде өрт болған аумақ тексеріліп жатыр, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт болған аумаққа аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев және ПБ бастығы Думан Таев болды.
«Қыркүйектің 3-інде сағат 20:05-те «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Зеренді филиалында өрт шыққаны туралы хабарланды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша облыстық жедел штаб құрылды. Атбасар, Сандықтау және Зеренді өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының өрт сөндіру бөлімдерінен 30 адам жіберілді. Сағат 00:00-де өрт ауыздықталды. Жағдай бақылауда», - деп түсіндірді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.
Департамент хабарлауынша, өрт болған аумақ 104,5 га құрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
src="//www.instagram.com/embed.js">
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
"Адырна" ұлттық порталы