Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды

1875
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұрын бұл лауазымда Асқар Омаров болған. 

Ал Асқар Қуанышұлы Омаров Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры лауазымына тағайындалды.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, академик (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан).

2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі;

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған;

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған;

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды;

2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті;

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;

2021 жылы Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер