Жаңа оқу жылында Ресейде оқушыларға ұялы телефон ұстауға тыйым салынды. Бұл туралы Білім министрлігінің басшысы Сергей Кравцов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ұялы телефондар оқушы зейінін сабақтан басқа дүниелерге аударады. Төтенше жағдай болып жатса, бірден ата-аналар шақырылады. Мұғалім, сынып жетекшісі бар. Бірақ сыныпта санитарлық ережелерге сәйкес ұялы телефонды пайдалануға болмайды»,—деді ол.