Балаларын Сайранға батырып жібермек болған әйел жоғалып кетті

2241
Adyrna.kz Telegram

Балаларын Сайран өзеніне батырып жібермек болған әйел күйеуімен бірге жоғалып кетті. Бұл туралы шаһардағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ақмарал Басирова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Енді балалардың өміріне кім жауап береді? Олардың жағдайын білуге барғанымызда пәтер иесі жалға алушылардың бұл жерге мүлдем келмегенін мәлімдеді. Айтуынша, туыстары заттарын алып кеткен. Өз балаларын суға батырып өлтірмек болған әйелді психикалық денсаулық орталығынан қалай шығарып жіберген?Қылмыстық іс жабылып қалғаны ма? Не болып жатыр?»—деді ол.

Бұған дейін Алматыда өз анасы үш баласын өлтірмек болғаны туралы жазған едік.

Пікірлер