Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау құжатының жобасы жасалды

2500
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан-Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобалар пакетін қалыптастыру аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

«Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді», - делінген ведомство хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер