Желіде “қант” сатып 90 млн теңгеге байыған келіншек тексерілуде

2910
Adyrna.kz Telegram
Өскеменде жүздеген адамды тақырға отырғызған 29 жастағы келіншек ұсталды. Халыққа қант сатамын деп алдаған алаяқ 90 миллион теңгеге тонап кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Күдікті алдымен әлеуметтік желіде қант сататынын айтып, жарнаманы жан-жаққа таратқан. Ал байланысқа шыққан адамдармен жылы-жылы сөйлескен. Сосын алдын-ала төлем жасауды сұрады.
Осылайша, аз уақыттың ішінде халықтан 90 миллион теңге жинап алды. Бірақ бірде-бір тапсырыс орындалмады.
Қала тұрғындары алданып қалғандарын түсінгеннен кейін бірден полицияға арыз жазған. Соның негізінде тәртіп сақшылары алаяқ әйелді ұстады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қызға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды", - дейді облыстық полицияның ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.
“Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер