Алматыда тыр жалаңаш самокат тепкен жастар 10 тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)

3141
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы самокатқа жалаңаш мінген адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, киімсіз самокат тепкен ерлі-зайыптылар қамауға алынды.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы қаласының жолдарында киімсіз және көлік құралымен келе жатқан 1997 жылы туған азамат М. мен 2003 жылы туған азамат Г.-ға қатысты сот отырысы өтті.

«Бостандық ауданының полиция бөлімімен құқық бұзушылар анықталып, ұсталып, олардың әдепсіз әрекеттері ҚІЖК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша сарапталған. Жастардың әрқайсысына 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарылды.Сонымен қатар, «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі 1994 жылы туған азамат К.-ға қатысты әкімшілік шара қолданылғанын айта кетейік. Ол жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған (ҚІЖК-нің 593-бабы, 1-бөлігі) ұялы телефонына жалаңаш адамдарды түсірген», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Атышулы видеодағы кейіпкерлер жұртшылықтан кешірім сұрады.

«Қоғамнан кешірім сұраймын, оның салдары туралы ойлаған жоқпыз, істегеніме өкінемін, мұндай қорлау үшін өкінемін және барша жұртшылықтан кешірім сұраймын», - деді жігіт видео үндеуінде.

"Мен өз әрекетім үшін жұртшылықтан кешірім сұраймын және өз кінәмді мойындаймын. Біз ақымақтық жасап, салдарын ойламадық. Бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды", - деп өкінді бойжеткен.

Пікірлер