"Адвокат емес": Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды

3414
Adyrna.kz Telegram

Ұсталған Жансейіт Бұрхан 2 ай мерзімге үйқамаққа алынды, деп жазады  "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Алматы қаласының тергеу соты хабарлады. 

"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен  Жансейіт Бұрхан 2 ай мерзімге 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялаудан бас тартылды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Республикалық адвокаттар алқасында Бұрхан Жансейітовтың адвокат емес екенін мәлімдеді.

"Қаржы мониторингі агенттігі адвокат Бұрхан Жансейітовты ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ-та таратылуына байланысты Республикалық адвокаттар алқасы бұл адамның адвокат емес екенін хабарлайды.  Адвокаттар өз жұмысында этика кодексін басшылыққа алады. Оған сәйкес кәсіби қызметте олар кәсіптің беделіне қамқорлық жасап, мораль мен заңның үстемдігі принциптерін орындайды. Дәл осындай талаптар Жоғары заңгерлік білімі бар кез-келген адамға қатысты болуы керек деп санаймыз. Бұл ретте заң кеңесшісі Бұрхан Жансейітовке қатысты тергеуді заңдылық қағидатын қатаң сақтай отырып және жасаған әрекетіне құқықтық баға бере отырып тергеу түргізілуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні Қаржы мониторингі агенттігі Бұрхан Жансейітовтің Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер