Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына Мұхамедиұлының қатысы жоқ - Айдар Қырықбай

4345
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.  Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Достар, мен әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ өкілдері таратқан ақпарат жалған екенін мәлімдеймін. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017-2018 жылдары музей директоры болмаған», – деп жазды Айдар Қырықбай Facebook-тегі парақшасында.

Қазір Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілерге 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер