Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі сотсыз қалды

3514
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Пара алу ісі бойынша Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істің басталуы тағы кейінге қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен Прокуратурға одан Атыраудың №2 қалалық сотына келіп түскен қылмыстық іс мамыр айында басталуы керек болған.

12 шілдеге шегерілген қылмыстық іс тағы кейінге қалды. 

Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот төрағасы Дәуренбек Даумов жуырда ғана Президент Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2  сотына төраға болып тағайындалды. Енді оның орнына жаңа соттың тағайындалып, іспен танысуы кем дегенде бір айдай уақытты  алуы мүмкін.

”Адырна” ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер