Өзбекстан президенті Нүкісте қаза тапқандарды мойындады

3293
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстандағы қанды шерулер басталғаннан кейінгі үшінші күні Нүкістегі шерушілер мен қауіпсіздік күштерінің қаза тапқанын мойындады, бірақ цифрларды атамады. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан парламентінде сөйлеген сөзінде Нүкістегі тәртіпсіздіктер салдарынан бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрбан болғанын айтты, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

Өзбекстан билігі қаза болғандар мен жараланғандар, сондай-ақ ұсталғандардың саны туралы мәлімет бермеді.

Биліктің қаза болғандар туралы алғашқы ресми түсіндірмесі шерушілердің ауыр халде болғаны және кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін деген әртүрлі ақпарат көздерінің тұрақты, шашыраңқы хабарлары кезінде мемлекет басшысы тарапынан аталды.

Пікірлер