Өзбекстан Түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесін алды

3687
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті V отырысы барысында Өзбекстан Республикасы халықаралық ұйымға ресми түрде бақылаушы мәртебесіне ие болды. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының ғимараты алдында Өзбекстанның мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Түркі мемлекеттер ұйымының Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасың Ғылым және жоғарғы оқу министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, сонымен қатар Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғланов, Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеев, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Мажарстан мен Түркия елшілігінің дипломаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен түркологтар, Қазақстандағы диаспора және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркі академиясының ғимаратында өткен ресми жиында ұйым президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевтан Өзбекстанның Мемлекеттік туын қабылдап алып, арнайы ту туғырға салтанатты көтеру рәсімін жасады. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын Түркі академиясы іргесін кеңейтіп, ғылыми интеграция ауқымын жаңа белеске көтерді.

Айта кету керек, 2019 жылдың Түркі ынтымақтастық ұйымының (сол кездегі Түркі кеңесі) Баку қаласында өткен 8-ші Саммиттінде Өзбекстан ұйымға толыққанды мүше болып қабылданды. Осыған орай, ынтымақтыстық аясында Өзбекстан тарапы Түркі академиясына бақылаушы мемлекет мәртебесін алу үшін ресми өтінім берді. Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясына Түркі әлемінің елдерімен ынтымақтастық институттары арасында бақылаушы мәртебесіне өтініш қабылдаған алғашқы ұйым Мажарстан болған еді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер