Юрий Шатунов 48 жасында қайтыс болды

2704
Adyrna.kz Telegram
Фото: spbdnevnik.ru
Фото: spbdnevnik.ru

"Ласковый май" тобының солисті Юрий Шатунов 48 жасында қайтыс болды. Әйгілі әнші Домодедово ауруханасында жүрек ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ресейлік mash телеграмм арнасы жазды.

Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте Башқұрт АКСР-нің Кумертау қаласында дүниеге келген. Ол үш жаста болғанда, ата-анасы ажырасқан. Кейіннен болашақ эстрада жұлдызы Балалар үйіне түскен, себебі оның анасы қайтыс болды. Дәл сол жерде ол әуесқой үйірме жетекшісі Сергей Кузнецовпен кездесті, сол жерден "Ласковый май" тобының тарихы басталды.

Топ 1991 жылы  Шатунов одан шығып кеткеннен кейін тарады. Әнші бұдан кейін өзінің жеке мансабын бастады. Ал соңғы жылдары орындаушы "Ласковый май" әнінің құқығы үшін соттасқан еді.  Шатунов "Седая ночь" және "Белые розы" сияқты әндерімен танымал болды. Бүгінде оның әндерін тек ресейліктер ғана емес, жарты әлем сүйіп тыңдайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер