Көкшетауда жоғалған 65 жастағы әйелге іздеу жарияланды

2264
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда із-түзсіз кеткен 65 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр. Ер адамның сөзінше, анасы мамырдың 14-де сағат 10:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 1957 жылғы анасы Таңшолпан Қойбағарқызы Хасенованы іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, анасы мамырдың 14-де сағат 10:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Жоғалған адамды іздеуге Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы, еріктілер тартылды. Олар теміржол вокзалы, автовокзал, сондай-ақ вокзал ауданындағы дәмханалар мен қонақ үйлер, қаланың медициналық мекемелерін сүзіп шықты», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Таңшолпан Қойбағарқызының бойы - 160 см, дене бітімі шымыр, шашы қысқа, қоңыр түсті. Үстіне күңгірт көк түсті көйлек, қара туфли киген. Бетінің мұрын тұсында қалы бар. Оның орналасқан жері туралы қандайда бір ақпарат білетін адамдар 8(7162) 72-34-06, 8-707-879-12-98телефон нөміріне немесе 102 арнайы желісіне хабарласа алады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер