Шымкентте Жедел жәрдем бригадалары арасында жарыс өтті

1603
Adyrna.kz Telegram

Жедел жәрдем қызметкеріне қашан да талап күшті. Жеделжәрдемші күнде небір жағдайға тап болады. Бірде ес-түссіз талып жатқан адамның үстінен түседі, бірде жол апатына тап болып есеңгіреп жатқан жандарға жәрдем етеді. Адамды ажалдан арашалап алу үшін жылдамдық, тапқырлық, табандылық, салқынқандылық сияқты қасиеттер керек.

Жыл басынан қаламызда 1112 жол апаты тіркеліп, 1401 адам зардап шеккен. 1124 адам ауруханаға тасымалданған, өкінішке орай 11 адам қайтыс болған. Міне, осылардың әрқайсысының басында Жедел жәрдем ажалмен арпалысып жүреді.

Одан бөлек, біздің Жедел жәрдем күніне екі мыңғы жуық шақыртуға барады. Өткен бір жылда 545 676 шақыртуға барып көмек еткен. Жедел жәрдемді шақыртып көрдіңіз бе? Асыға күтесіз. Әр минут бір сағаттай көрінеді. Ал әшейінде қала көшелерінде асығып бара жатқан Жедел жәрдем көлігіне екінің бірі жол бере бермейді. Оған қарамай, Шымкент қаласының Жедел жәрдемі келу уақыты бойынша Қазақстанда алғашқы үштікке кіреді.

Шымкент қаласының Жедел жәрдемінде жұмыс істейтін 1800 адамдық ұжым кез келген уақытта қала тұрғындарына көмекке келуге дайын. Тек қана тез жетуге жол ашыңыз.

Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасынан

Пікірлер