Елбасы туралы жеке заң алып тасталатын болды

2545
Adyrna.kz Telegram
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Елбасы туралы жеке заңды алып тастайтын норма биылдан қалмай Парламент қарауына ұсынылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, тиісінше бұл заң да алынып тасталуы тиіс. Бұл енді қабылданған Конституциядағы өзгерістерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында жүзеге асырылады. Ол биыл Парламенттің қарауына ұсынылады», - деді Қанат Мусин.

Сондай-ақ Әділет министрінің айтуынша, Қылмыстық кодексте президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық үшін жауапкершілік қарастыратын жалпы бап қана қалады.

«Ол барлық президентке қатысты ортақ заң. Елбасы үшін бөлек бап болмайды», - деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер