"Игра в кальмара" веб-сериалының екінші маусымы түсіріледі

3879
Adyrna.kz Telegram
Фото: фильмнен алынған
Фото: фильмнен алынған

Netflix стриминг-сервис Twitter желісінде танымал корейлік "Игра в кальмара" веб-сериалының тизерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Фильм режиссері Хван Дон Хюктің айтуынша, екінші маусымда бас кейіпкер Сон Ги Хун мен ойын жүргізушісі Хван Ин Хо оралады. Сондай-ақ, Ен Хи және Чоль Су есімді жаңа кейіпкерлер келеді.

"Өз ойымды жүзеге асыру үшін маған 12 жыл уақыт қажет болды. Ал фильм бар-жоғы 12 күн ішінде танымалдық әкелді", - деді Хван Дон Хюк.

Netflix-тегі "Игра в кальмара" қаралым бойынша көш бастап тұр. Фильм алғашқы 28 күн ішінде 1,65 миллиард қаралым жинады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер