Тоқаев АЭС қайда салынатыны таңдалып қойғанын айтты

2853
Adyrna.kz Telegram
Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv

Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет атом электр станциясы құрылысы үшін жер таңдап қойғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алайда, нақты қай жер екені аталмады.

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бойынша бірқатар бәсекелестік артықшылықтар бар, оны ЕО жасыл технологиялар тізіміне енгізді. Біздің еліміз табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр, ядролық отынның өзіндік өндірісі бар және уранды байыту бойынша тиісті мүмкіндіктерге ие. Қазіргі уақытта біз атом электр станциясын орналастыру туралы шешім қабылдадық және әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатырмыз» деді президент.

Бұған дейін билік екі орынды – Курчатов пен Балқаш қалаларын қарастырған.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер