Балалардың ақшасын "жеген" есепшіге сот үкімі шықты

1926
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының бас есепшісі мен мердігерге қатысты ақша жымқыру фактісі бойынша айыпты үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Орталықтың бас есепшісі 2019 және 2020 жылдардағы мүддесін бұрынғы күйеуі басқарған "Z" ЖШС-не азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша өткізілген тендерлерде азық-түлік өнімдерін нақты жеткізбей ақша аудару арқылы табысқа кеңеліп отырған. Олар жалпы сомасы 25 862 132 теңгенің ақшасын жымқырған", — дейді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сотта сотталғандардың кәмелетке толмаған үш баласы бар екені, сондай-ақ 25 156 051 теңге көлеміндегі зиянды ерікті түрде өтеу жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықталды. Өтелмеген шығын көлемі  301 069 теңге.

 

"Адырна" ұлттық порталы    

Пікірлер