Лисаков қаласы әкімдігі қызметкері 14 тәулікке сотталды

4166
Adyrna.kz Telegram
Фото: cdn.top-news.kz
Фото: cdn.top-news.kz

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде Лисаков қаласы әкімшілігінің бұрынғы қызметкерінің 14 тәулікке сотталғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

«Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы басшысы Талғат Ғабдрахманов кәмелетке толмағандарды алкогольдік ішімдіктерге тартқаны үшін әкімшілік сотпен 14 тәулікке сотталды» деді құқық қорғаушы.

Еске салсақ, ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген.

Тергеушілердің мәліметінше, ер адам қыздармен интернет арқылы танысып, кездесуге шақырып, оларға тиіскен. Ол әңгіме кезінде өзінің нақты жасын және үйленгенін жасырып отырған. Күдіктінің баласы бар.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция басқа зардап шеккендерді іздестіріп жатыр.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер