Атырауда қант сатылымына шектеу қойылды

2027
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырауда қант сатылымына шектеу қойылды. Қант бір келіден көп сатылмайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы mgorod.kz порталы сілтеп.

“Қант 1кг артық сатылмайды” деген хабарландырулар қаланың супермаркеттерінде пайда болды. Сонымен қатар, дүкенге тек қант алу үшін келуге болмайды, чек кемінде мың теңгеден асуы керек.

Қант өңірдегі "Идеал" супермаркеттерінде ғана табылды. "Ярмарка" және "Семья" сауда желілерінде тек рафинадталған қант сатылады. Бірқатар "Лидер" дүкендерінде қант мүлде жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер