УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

5333
Adyrna.kz Telegram
Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Vesti.kz сайтына сілтеп.

"Құрметті жанкүйерлер!

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.

Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз!", - делінген федерациясынң қалдырған хабарласмасында.

Еске салайық, Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны 3 маусым күні "Астана Аренада" өтеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер