Түркістан облысының Түлкібас ауданында 2002 жылы мектеп бітірген түлектер игі іс жасап, көпке үлгі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Абай атындағы мектеп-лицейі мен Б.Садықов жалпы орта мектебін бітіргендер той тойлаудан бас тартып, дүниеден озған сыныптасының отбасына үй сыйлады. Олар 3 баланы өсіріп отырған құрдастарының жарына аудан орталығынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі.
Әйкерім Сыздықованың күйеуі осыдан бірнеше жыл бұрын бақилық болған. Келіншек үш баласымен жалдамалы пәтерде тұрып келді.
Күйеуінің сыныптастары 20 жылдықта той-тойлап, думандатқанша өмірден өткен досының әруағына құран бағыштап, қиындыққа душар болған әйеліне үй сыйға тартуды жөн санапты. Олар жалғызбасты анаға баспана кілтін салтанатты түрде табыстады.
Шара соңында дәстүрге сай 2002 жылы мектеп бітіргендер қайырымдылық эстафетасын 2003 жылғы түлектерге тапсырды.
"Адырна" ұлттық порталы.