Рәміздер күні ИК-ның емес, Ескендір Ибрагимнің әнін қолданайық

2365
Adyrna.kz Telegram

Танымал журналист Ерболат Мұхамеджан өз инстаграм парақшасында көк туымыздың дәрежесіне нұқсан келтірген ИК тобы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“ИК - өнер емес, саясат болып кетті. Оны өздері де түсінбеген сияқты.

"Референдумға келіңдер" деп қашан айтатынын күтіп жүрмін. Байзақова айтқанда ИК айта алмайды ма, әлде ИК Байзақовадан кем бе?

Енді қайтадан шынайы бейнесіне еніп, сахнада виски ішіп, туымызды мыжып, қуа бастайын десе біздің сенгіш халық қабылдай алмай жатыр. Түсіну керек, олар баяғыдан солай болатын. Дудьқа берген сұхбатын қарасаңыздар, әнші жігіттердің өздері де көп нәрсені түсінбейтінін, және режиссердің айтқанын ғана тыңдайтынын мойындайды. Енді сұрақ режиссерге болу керек.

ИК - типа лицо "Жаңа Қазақстан" и его трогать нельзя, а Шиза козел отпущения.

4 маусымда соларды қонаққа шақырып, тағы да ыңғайсыз ситуация болып жүрмесін. Ескендір Ибрагимнің "Көк тудың желбірегені" шықсын, соны сториске салған дұрыс.

P.S. Кешегі жағдайлар бойынша, "әншейінде ауыз жаппас" зиялысымақтар "неге үнсіз қалды?" деп жатыр. Ертең орден, медаль алу керек біздің зиялысымақтарға. Ал олардың жалпы табиғатынан үнсіз жандар екенін ұмытпайық”,- деп жазды ол парақшасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер