Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды

3463
Adyrna.kz Telegram
Фото:gov.kz
Фото:gov.kz

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Нұр-Сұлтан прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды", - деп жазды Бас прокуратура.

Ерлан Өтегенов прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
  • Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында қызмет атқарған, оның ішінде басшылық лауазымдарда болды.
  • Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.
  • 2019 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер