Halyk Homebank арқылы енді қалааралық және халықаралық рейстік автобустарға онлайн-билет сатып алуға болады

32720
Adyrna.kz Telegram

Бүгіннен бастап қазақстандықтар қалааралық және халықаралық сапарға электронды автобус билетін сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Halyk Bank-Halyk Travel экожүйесі шеңберінде Halyk Homebank қосымшасында рейстік автобустарға онлайн-билетті сатып алуға мүмкіндік беретін "автобустар" жаңа сервисі іске қосылды.

Біздің азаматтарымыздың көпшілігі Қазақстан бойынша автобуспен сапарға шығуды таңдайды, өйткені бұл басқа қалаға барудың тиімді нұсқасы. Сондай-ақ, автобус, қоғамдық көліктің басқа түрінен айырмашылығы, әлдеқайдажиі қатынайды, сондықтан әр жолаушы жол жүрудің ыңғайлы уақытын таңдай алады. Halyk Travel-дегі жаңа "автобустар" сервисі билетті брондау және сатып алу кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Атап өтейік атаулы қызмет арқылы алатын билет құны автовокзал кассаларындағы бағамен бірдей – жасырын үстеме баға, комиссия және қосымша алымдар жоқ. Бұл Halyk Bank пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) ынтымақтастығы арқасында қолжетімді болды.

Жолаушыларға ыңғайлы болудан бөлек, Halyk Travel-дегі "автобустар" қызметін енгізу бастамасы әлеуметтік құрамдас бөлікті қамтиды. Себебі билеттер жосықсыз сатушылардан сатып алған кезде немесе тұрақты автобустардың жүргізушілері жолаушыларды "кассадан тыс жерде" отырғызған кездегі "жасырын" сапарлардың санын азайтуға көмектеседі. Halyk Homebank қосымшасы арқылы билетті онлайн сатып ала отырып, адам кепілді және ыңғайлы орынға ғана емес, сонымен қатар тасымалдау заңдылығына да сенімді бола алады. Мәселе мынада, Halyk Travel "автобустар" сервисінің тасымалдаушы - қатысушылары цифрлық сату арналары арқылы ашық және айқын жұмыс істеуге дайын. Осылайша, Halyk Homebank қосымшасы арқылы билетті онлайн сатып алған жолаушыларға сенімді сапарға кепілдік беріледі. Сонымен қатар, сервис әзірлеушілер алдағы уақытта жолаушыларға өздерін және жүкті жазатайым оқиғадан сақтандыру мүмкіндігін ұсынуды жоспарлауда.

"Halyk Travel командасы 2020 жылы құрылғаннан бері қалааралық автобустарға билет сату бойынша онлайн жобаны іске қосу идеясын талқылады. Ол интермодальдық тасымалдауды іске қосу идеясына негізделген, яғни бір маршруттық түбіртекте көліктің бірнеше түрін: ұшақ+пойыз+автобусты көрсету мүмкіндігі. Ел тұрғындары көліктің барлық түрлерін пайдаланады, осы уақытқа дейін пойыз бен ұшаққа онлайн-билетті сатып алу мүмкін болғанымен автобусқа электронды билетті сатып алу қызметі қолжетімсіз еді. Дәл осы бағытта жұмыс істеген командалармен сөйлесе келе негізгі қиындық - бұл салада әуе және теміржол тасымалынан айырмашылығы, бірыңғай брондау жүйесі жоқ екенін анықтадық. Біз идеямызбен ИИДМ-ге жүгіндік, олар бізге жедел алаң ұйымдастырып, техникалық жағынан барынша дайын бірінші вокзалды ұсынды. Бұл мәселені шешу үшін бізге екі айға жуық уақыт қажет болды, енді біз автобустарда бірыңғай тарату жүйесін техникалық іске асыруды аяқтап қалдық. Қазіргі уақытта ИИДМ-мен ынтымақтастықта біз осы жоба бойынша жұмысты жалғастырудамыз" - деді Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Нариман Мукушев.

Қазіргі уақытта онлайн-билетті сатып алу сервисі келесі бағыттар үшін жұмыс істейді: Нұр-Сұлтаннан Державинск, Константиновка, Наумовка, Степногорск, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Өскемен, тіпті Өлгей (Моңғолия) және Ташкентке (Өзбекстан) билет алуға болады.

Halyk Travel-дің Bus әзірлеушілерінің алдағы жоспарында еліміздің барлық өңірлерін қамту және қазақстандықтарға Halyk Homebank арқылы өздеріне ыңғайлы рейсті, күнді және уақытты таңдап, бүкіл республика бойынша жүру мүмкіндігін қамтамасыз ету көзделген. Жыл басында осы мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны 8 млн адамға дейін өскенін ескере отырып, көптеген адам Halyk Bank-тің тағы бір ыңғайлы цифрлы сервисін бағалайды деп болжауға болады.

Пікірлер