Қызылордада облыс әкімінің орынбасары қызметінен кетті

2467
Adyrna.kz Telegram
Фото: фейсбук парақшасынан алынды
Фото: фейсбук парақшасынан алынды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Ол Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы болып шықты. Шенеунік жұмыстан кету туралы шешімін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бір отбасынан шыққан екі адамның жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуі саяси тұрғыдан дұрыс емес.

"Сондықтан мен өз еркіммен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым. Жас кадрларға жол берейік. Олар ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек", - деді ол.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің бұрынғы орынбасары Балжан Шәменованы құрметпен шығарып салды. Кездесу барысында өңір басшысы Шәменованың облыстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, облыс әкімдігінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Балжан Шәменова енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметте жұмыс істейтін болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер