Мәжіліс қаржы пирамидаларына қарсы заң жобасын мақұлдады

2893
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, депутаттар «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын әзірлеуге кіріседі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, заң жобаларын ҚР Парламенті депутаттары мемлекет басшысының қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірлеген.

"Заң жобаларының негізгі мақсаттары – азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігін арттыру және қаржылық пирамиданың қызметін оның бастапқы кезеңінде тоқтату. Қаржы және бюджет комитеті 16 қарашаға дейін заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", — деді Мәжіліс депутаты Марат Құсайынов.

 
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер