Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты

2561
Adyrna.kz Telegram

 Олжас Сүлейменов Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, жаңа "Қазақстан халық конгресі" деп аталатын партия құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Олжас Сүлейменов баспасөз өкілдерімен кездесу барысында жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін және әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажет екенін айтты.

"30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады", – дейді Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ, баспасөз өкілдерімен кездесу барысында Олжас Сүлейменов Украина мен Ресей арасындағы жағдай туралы да айтып өтті.

«2014 жылы Украина мемлекеттік ретінде украин тілін қалдырып, орыс тілін төмендетті. Қазір соның нәтижесін көріп отырмыз. Осыдан сабақ алуымыз керек», - деді ақын.

Ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер