АҚШ делегациясы Қазақстанға келмек

2623
Adyrna.kz Telegram
Фото: ritmeurasia.org
Фото: ritmeurasia.org

23-27 мамырда АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда болады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Делегацияны Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу басқарады және оның құрамында Ресей мен Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Эрик Грин, Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жоғары лауазымды тұлғалары бар.

Америкалықтар төрт елдің билік, азаматтық қоғам және іскер топ өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздер барысында экономикалық және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, «ортақ құндылықтарды» қолдау, жергілікті мәдениет, әйелдер құқығы, азық-түлік қауіпсіздігі, Ауғанстаннан келген босқындарға көмек көрсету мәселелері талқыланады.

Қазақстанда ел билігі дайындап жатқан реформалардың күн тәртібін талқылау жоспарлануда.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер