Зеленский Польша азаматтарына ерекше мәртебе бермек

2538
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский парламентке Польша азаматтарының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын ұсынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы халық депутаты Ольга Совгиря өзінің Telegram-каналында хабарлады.

"Украина Президенті жақын арада парламентке Украинадағы поляк азаматтарының ерекше құқықтық мәртебесі туралы заң жобасының енгізілетінін хабарлады", – делінген хабарламада.

Жаңа заң жобасы мен поляктардың артықшылықтары туралы басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

6 мамырда Польша президенті Анджей Дуда Польша мен Украина арасында бұдан былай шекара болмайды, екі ел халқы "тату-тәтті өмір сүре алады" деген үмітін білдірді.

Бұған дейін Зеленский мен Жоғарғы Рада депутаттары парламентте сөз сөйлеуге келген Дуданы ду қол шапалақтап қарсы алған болатын. Ол — Ресейдің өз аумағында арнайы әскери операциясы басталғаннан бері Украина парламентінде сөз сөйлеген шетел мемлекетінің бірінші басшысы.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер