Жаз келгенде Өзбекстанға қар жауды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.
Бүгін таңертең Джизах және Қашқадария облыстарында қар жауды. Ал ел астанасы Ташкентке жаңбыр жауып, қатты жел тұрған.
Қазақстанда еш жерде қар жауған жоқ. Бірақ ауа-райы бұзылып тұр. Республиканың барлық аумағында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Кеше еліміздің оңтүстігінде қатты дауыл болды.
"Адырна" ұлттық порталы.