Республиканың Ардагерлер ұйымы бүкілхалықтық референдумға қолдау білдіріп Үндеу қабылдады

2778
Adyrna.kz Telegram

2022 жылғы 20 мамырда сағат 11-де Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің кіші залында "Ардагерлер ұйымы"республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ІХ съезі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Съездге  республиканың барлық 17 өңірінен делегаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен шақырылған қонақтар онлайн режимде және  съезд жұмысының құрметті қонақтары Республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының басшысы Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев және Мемлекет және қоғам қайраткері, Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев қатысты.


ҚР Парламентінің Мәжілісі төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов 19  мамыр күні Қазақстан Ресрпубликасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болғанын өте жылы қабылдау болғанын айтып, Президентке ардагерлердің жұмысы туралы және     Референдум бойынша екі бағытта жұмыс жасап жатқанын, бірінші Конституцияға өзгеріс енгізудің маңыздылығы туралы, екінші ардагерлер тұрғындарға референдумның мәнін түсіндіріп қатысуға белсенділік көрсетуга шақырып жұмыс жасалып  жатқаны туралы айтты.

Президент өз тарапынан қоғамдық жұмыстарды ел ардагерлерінің белсенділік күтетінін жеткізді. Ел ардагерлері еліміздің тұрақтылығы, тыныштығы үшін, мемлекет басшысының бастамасына әрқашан қолдау көрсететінін референдумды қолдау үшін республикалық штаб құрылғанын айтып өтті.

"Орталық кеңесте барлық 17 өңірдегі филиалдар төрағаларының ұйымдастыруымен референдумды қоғамдық қолдау штабтары құрылып жұмыс істеп жатыр деді. Олардың қатарына жергілікті өңірге танымал, мемлекет және  қоғам қайраткерлері, елге  сыйлы ардагерлер жұмылдырылды. Штаб құрамындағы ардагерлер конституциялық реформалардың негізгі ережелерін тұрғындарға кеңінен түсіндірумен айналысатынын. Бұл- жұмыстар еліміздің барлық өңірі бойынша жүргізіліп жатыр",-  деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Сонымен қатар,  Орталық кеңесте штаб жұмысын үйымдастыруға қолайлы болу үшін әзірленген нұсқаулық пен іс-шаралар жоспары, онда штаб мүшелері атқаратын жұмыстар  нақты бекітілгенін айтып өтті.

Сөзінің соңында Б.Ізмұхамбетов  ардагерлеріміз «Ата заңымызға» енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіруде белсенділік көрсетіп, 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысып өз таңдауын жасауға халықты шақыруы керек деді.

Жазушы, журналист Жабал Ерғалиев өз сөзінде билік басына келген екінші Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату идеясын ортаға тастағанын, Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамды алаңдатып, сан алуан пікірлер тоғысып жатқан алаңға орынды бастамамен шыққанын айтты. Ардагерлердің кезектен тыс IX съезінде Республика Конституциясына ұсынылған түзетулерді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасына орай, Референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығы айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер