Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

3709
Adyrna.kz Telegram

Ертең 21 мамыр күні өкілде Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген Аман ағамыз былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда, футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.

Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған "Жеңісті күндерде жүздескенше" кітабының тұсауы кесіледі.

Турнирге қатысатын командалар:

  • Aikyn-Liter (Астана қаласы);
  • Dream-team Сейітхан (Алматы қаласы);
  • ️Effective media Liaison (Алматы қаласы);
  • Абай-ақпарат (Абай облысы);
  • Айтыскерлер құрамасы (Қазақстан Республикасы);
  • Ақмешіт (Қызылорда облысы);
  • Атырау құрамасы (Атырау облысы);
  • КТК (Алматы қаласы);
  • Қазақстан ТВ-Қазақ радиосы (Алматы қаласы);
  • Қарекет (Жетісу облысы);
  • Спорт журналистері (Қазақстан Республикасы);
  • Тұран-Түркістан (Түркістан облысы);
  • Түркістан телеарнасы (Түркістан облысы);
  • Шымкент (Шымкент қаласы);
  • Хабар (Астана қаласы);
  • Экспресс-К (Астана қаласы).

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер