"АҚШ-тан 369 қазақстандық депортацияланды". СІМ ақпаратты түсіндірді

1087
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тан 369 қазақстандықты депортациялау туралы ескірген ақпаратты жариялаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы сыртқы істер министрлігіне сілтеп.

Кеше БАҚ пен әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Дональд Трамптың миграциялық саясаты аясында мыңдаған заңсыз мигранттар, оның ішінде 369 қазақстандық елден шығарылатыны туралы ақпарат тарады.

Алайда, СІМ бұл мәліметтің Fox News телеарнасы 2024 жылдың 11 желтоқсанында жариялаған жаңалығына негізделгенін, сондықтан қазіргі АҚШ-тың көші-қон саясатына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Осы себепті бұл ақпарат АҚШ-тың жаңа миграциялық саясатына ешқандай қатысы жоқ.  Осындай жаңалықтарды жарияламас бұрын мұқият тексеруді ұсынамыз", – деп мәлімдеді министрлік.

Сондай-ақ, СІМ мәліметінше, заңсыз келген азамат депортацияланған жағдайда, ол туралы елдің дипломатиялық өкілдіктеріне хабарлау міндетті емес.

Бұған дейін АҚШ билігінің 1,4 миллионға жуық заңсыз мигрантты депортациялау жоспары туралы хабар тараған болатын. Қазақстандықтардан бөлек, бұл тізімде Өзбекстаннан – 975, Қырғызстаннан – 319, Тәжікстаннан – 149 азамат және 337 "КСРО азаматы" болған. Алайда, КСРО 1991 жылы ыдырағандықтан, бұл дерек күмән туғызды.

Президенттікке қайта келген Трамп АҚШ тарихындағы ең ауқымды депортацияны бастауға уәде бергенімен, сарапшылардың пікірінше, мұндай операция көп жылға созылып, аса қымбатқа түсуі мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Вашингтон с 25 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер