Қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті

4089
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы офлайн және онлайн форматта оқыту семинарларының сериясын жалғастыруда. Бұл жолы, яғни 2022 жылғы 19 мамырда семинар қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне арналып, онда мүгедек жандардың мәселелері қаралды. Іс-шараға 150 адам қатысты.

Семинарды өткізудің мақсаты – референдумды ұйымдастырудың құқықтық негіздерін, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, республикалық референдум алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізу тәртібін түсіндіру, БҰҰ мүгедек жандардың құқықтары туралы Конвенциясының негізгі қағидаттары туралы хабардар ету, сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезінде мүгедек Қазақстан Республикасының мүгедек азаматтарының құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болып табылады.

Семинар бағдарламасына енгізілген негізгі мәселелер мүгедек жандар үшін тиісті шешімдерді ескере отырып, республикалық референдумды ұйымдастыру ерекшеліктері болды.

Оқыту семинарының жұмысына ОРК мүшелері, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі, ҚР ОРК жанындағы мүгедектердің құқықтарын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, еңбек және әлеуметтік қорғау, әділет министрліктерінің, сондай-ақ мүгедек жандардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, бейнеконференция байланысы режимінде іс-шараға мүгедек жандардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік ҮЕҰ өкілдері, аумақтық комиссиялардың мүшелері және мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жасауға жауапты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторы – Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов өзінің кіріспе сөзінде Орталық референдум комиссиясының маңызды міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жағдайларды іске асыру болып табылатынын атап өтті. 2017 жылдан бастап Ортсайлауком жанында мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы қызмет етуде. Яғни, ОРК осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді.

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде мүгедек жандарға жағдай жасау туралы мәселе ү.ж. 6 мамырда ОРК екінші отырысында қаралған болатын.

Жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген (2012 жылғы 23 қазандағы № 21/83) сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пунктті жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, олардың құқықтарын іске асыру үшін референдум учаскелерінде мүгедек адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес референдумның 10013 учаскесінің басым көпшілігі пандустармен және тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. Іс жүзінде барлығына кресло-арбаларды пайдаланатын азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, дауыс беруге арналған кабиналар қарастырылған.

Дауыс беру күніне учаскелердің дайындығы мәселелерін бақылауда ұстау, оның ішінде инватакси, сурдоаудармашыларды тарту және т.б. сияқты мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін қосымша шаралар әзірлеу тапсырылды.

Дауыс беру күніне жақын қалғанда аумақтық референдум комиссияларының учаскелердің дайындығы және қабылданған шаралар туралы есептері тыңдалады. Референдум өткізілгеннен кейін мүгедек азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, учаскелерде жағдай жасауға талдау жасалады.

Алдағы референдумда мүгедектігі бар азаматтарды хабардар ету практикасын жалғастыру көзделеді: ақпараттық және жұмылдыру аудио-, бейнероликтер (сурдоаудармасы бар бейнероликтер) дайындау; барлық аудио-және бейнероликтер референдумның орталық комиссиясының сайтында орналастырылатын болады; дауыс беруге арналған бюллетеньнің аудиоверсиясын дайындау, оны трафареттің көмегімен бюллетеньдің көру қабілеті бұзылған азаматтар тыңдап (дауыс беру орнында ойықтар көзделген), дауыс беруге арналған бюллетеньді өз бетінше толтыра алады.

Орталық комиссия мүшелерінің учаскелердің дауыс беруді өткізуге дайындығын, оның ішінде дауыс беру кезінде мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз етуді тексеру үшін өңірлерге инспекциялық сапарлары көзделіп отыр.

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов «Мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын барлық қоғамдық бірлестіктерді жергілікті атқарушы органдардың учаскелерді жарақтандырудың қосымша шараларын қабылдауы бойынша өздерінің сындарлы ұсыныстарын алға тартуға шақырамыз» - деп атап өтті.

 

Сонымен қатар, іс-шарада БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігінің орынбасары Виталий Времиш, ҚР ОРК жанындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, көші-қон және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев, Әділет министрлігінің департамент директоры Назкен Жамаладин, «Арба» тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған мүгедектер азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Батпақұлова, «Пандус ОК» ЖШС құрылтайшысы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Шахан Жұлдызбаев, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың басқа да өкілдері сөз сөйледі.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде Орталық референдум комиссиясы аппаратының қызметкерлері: талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Тәжиева «Республикалық референдум алдындағы үгіт туралы»; сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ольга Захарова «Референдум өткізуді ұйымдастыру туралы»; халықаралық құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Мейрамбек Қаныбеков «Референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасады.

Оқыту семинары онлайн режимде «You Tube» арнасында және Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ресми сайтында төмендегі сілтеме бойынша көрсетілді https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=6860&v=mobile

Пікірлер