Сарапшылар: "Ресейге қарсы санкциялар ел экономикасына кері әсерін тигізеді"

2085
Adyrna.kz Telegram
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшылары Украинадағы оқиғалар мен Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Қазақстандағы экономикалық өсім туралы болжам жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азурдың пікірінше, Ресейге қарсы халықаралық санкциялар Кавказ бен Орталық Азия елдерінің экономикасына да ауыр соққы болады.

"Орталық Азия елдері географиялық жақындығын, Ресеймен тығыз сауда және қаржылық байланыстарын, ақша аударымдары мен туризмге тәуелділігін, сондай-ақ, айырбас бағамына байланысты әсерлерді ескере отырып, әлеуеті осал елдер қатарына кіреді. Сонымен қатар, аймақ елдері Украинамен сауда байланыстарын жүргізеді және шикізат пен азық-түлік бағасының өсуіне, сондай-ақ, қаржылық жағдайдың күшеюіне қатысты жаһандық қайталама әсерге ұшырайды. Украинадағы соғыстың жан-жақты әсері биыл Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің экономикалық өсімін едәуір әлсіретті", - деді ол.

Жақында қор жариялаған экономика дамуы перспективасы болжамына сәйкес, нақты ЖІӨ өсімі 2022 жылы 2,6 пайызға төмендейді. Сонымен қатар, сарапшылар өңірде инфляция биыл 10,7 пайызға дейін артады деп болжап отыр.

"Алайда бұл шок салдары өңірлерде әртүрлі байқалады және энергия ресурстарының экспорттаушылар, мысалы Әзербайжан мен Қазақстан мұнай мен газ бағасының өсуінен пайда көріп, соғыстың кейбір негатив салдарының орнын жабады. Осы елдерден Ресейге немесе оның аумағы арқылы энергия ресурстарын экспорттауға қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар, Армения, Грузия және Қырғызстан сияқты энергия ресурстарын импорттаушы елдер экономикасының өсу болжамы шикізат тауарларына бағаның өсу әсерін ескере отырып айтарлықтай төмендеді", - дейді Азур.

Одан бөлек, маман барлық өңірде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық азық-түліктің әлемдік бағасының өсуіне байланысты өсіп жатқанын және Ресейден жеткізілімдер аймақтағы азық-түлік импортының 20 пайыздан асатынын, ал кейбір елдер Ресейден де, Украинадан да бидай жеткізіп, тәуелді болып отырғанын атап өтті.

Экономистің сөзінше, пандемиямен байланысты дағдарыс, макроэкономикалық саясаттың мүмкіндіктерін шектей отырып, инфляция мен қарыз деңгейінің жоғарылауына әкелді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер