Оралда сотталғандар төбелесінен кейін қызметкерлер жазаланды

2525
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Оралда жазасын өтеушілердің жаппай төбелесінен кейін колонияның 12 қызметкері жазаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "mgorod.kz"-ке сілтеме жасап.

Оқиға 10 мамырда таңғы сағат 05:00 шамасында РУ-170/2 орташа қауіпсіз қылмыстық-түзету жүйесі мекемесінде болған. Сотталғандар арасында жаппай төбелес шыққан, салдарынан 10 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

БҚО ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі төбелес кезінде сотталғандар қолда бар құралдарды пайдаланғанын, пышақтар мен қайрау таппағанын айтты.

Осы дерек бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, қорытындысы бойынша мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"1 адам қызметінен шеттетілді, 3 адам қызметін дұрыс атқармағаны үшін ескерту алды, 4 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды, 3 адам сөгіс алды және 1 адам ескерту алды", - деді БҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, полицейлер төбелеске қатысушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Олар ұрлық, тонау және денсаулыққа зиян келтіру сияқты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер