Қоқыс полигонынан бес жасар баланың денесі табылды

2156
Adyrna.kz Telegram
Фото: arnapress.kz
Фото: arnapress.kz

Алматы облысындағы кірпіш зауытының жанындағы қоқыс полигонынан бес жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Баланың денесі Сарқандтағы кірпіш зауытының жанындағы қоқыс полигонынан табылған. Баланың жасы шамамен 4-5-те. Бойы - 90-100 сантиметр. Басы одан бес метрдей жерден табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді.

"Баланың денесі қоқыс жәшігінен табылды. Аудандық полицияға ешкім тінту туралы арызбен хабарласқан жоқ. Бұл іспен полиция айналысуда", - деп хабарлады Сарқанд ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер